Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына барды

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына барды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті мәжілісінің бірқатар депутаты Жалағаш ауданында болып, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтар жұмысымен танысты. Алдымен «Ер-Әлі» шаруа қожалығының дән себу рәсіміне қатысқан халық қалаулылары шаруашылық жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнан кейін депутаттар Әліби Бекжановтың «Құрманбай ата» қожалығында болып, алма бақ жұмысымен де танысты. Алты гектар алқапқа алма ағаштарын орналастырған іскер азаматтың жұмысына меймандар жоғары баға берді. 2-3 жыл бұрын қолға алынған жоба бүгінде жемісін беруде.
Жақында ғана тіректі елді мекен статусын алған бұл ауылда соңғы жылдары әлеуметтік зәулім нысандар көптеп бой көтерді. Олардың ішінде спорттық кешен, мәдениет үйі мен балабақша да бар. Жаңа нысандардың жұмысымен танысқан олар бүлдіршіндер мен спортқа бейімделген жастардың талабына сәттілік тіледі.
Меймандар Еңбек ауылдық округіндегі «Еңбек Жер» шаруа қодалығының төрағасы Шакизатхан Ысқақовтың үлкен сауда орыны мен мейрамхана жұмысына қанықты. Сонымен қатар, халық қалаулылары ауылдық елді мекендегі жеке кәсіпкердің жылыжай жұмысымен де танысты.
03 мамыр 2019 ж. 462 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области