Қызылорда облысында болған эвакогоспитальдардың қызметі
Kyzylorda-news.kz. Соғыс жылдарында Қызылордада 9 госпиталь жұмыс істеді. Негізінен оқу ғимараттары емдеу орны ретінде ыңғайластырылды. Қырым дәрігерлері келіп, майдан даласынан жараланып қайтқан жауынгерлерді қатарға қосу үшін жергілікті мамандармен бірлесіп еңбек етті. Нәтижесінде госпитальге түскен сарбаздардың 55,5 пайызы қайтадан әскерге алынып, әрі қарай да соғысқа қатысқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйеніп Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызылорда облысындағы эвакогоспитальдардың қызметі туралы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.
- 1941 жылы 10 қазанда Халық комиссарының орынбасары С.И.Миловидов басқарған эвакогоспиталдер бас басқармасы құрылса, Қызылорда да эвакогоспиталдер басқармасы құрылды.
- Облыстық партия комитетінің шешімімен Жаңақорғандағы 3980 госпиталіне, қаладағы 3978,3979 госпиталдері жөндеуден өтті
- Қазақстан бойынша 6400 орын эвакогоспиталь болса, кейін тағы 5800 адамға орын дайындалды.
- Қызылорда қаласында №3978, №3979, №229, емдеу госпиталдарында Қырым медициналық институтының профессорлары жұмыс істеген. №1581, №2061, №2103 Арал, Қазалы, №3980 Жаңақорған аудандарында бір-бірден госпиталь болса, Қармақшы ауданында 3 емдеу госпиталі боды. Оның біреуі психоневрологиялық аурухана базасы болып жасақталды
- Қызылорданың педучелищесі Қазалыға қосылып, ғимараты 250 орындық госпиталға;
- Сырдарияның аудандық атқару комитеті КАз-Риске көшіріліп, ғимараты100 орындық;
- Сауда техникумы базасында 300 орындық;
- Мальков көшесіндегі №6 мектеп, Сталин атындағы 7 мекпетке біріктіріліп, орнында 300 орындық;
- Қазіргі «Жібек жолы» сауда орнына қарама –қарсы жерде қалалық емхана болған, 557 жауынгер емделген
- Қорқыт Ата Университетінің №1 оқу ғимаратына қарсы жерде тағы бір госпиталь орналасқан;
- Жаңақорғандағы госпиталь базасы кейін (емдік батпағының нәтижесінде) ауруларды «қалпына келтірумен» (реабилитация)айналысып, кейін санаторий қалыптасты;
- Жаңа –Қазалыда 300 орындық госпиталдер ашылды.
- Қызылордаға көшкен Қырым медиицналық институтында 21 профессор және толық құрамдағы оқытушылары мен 530 студенті болды.
- 200 студентті Қызылордадан қабылдап, 4 жыл оқу жылында 800 студентті шығарды.
- Институт емдеу-хирургиялық госпиталі ретінде де көмектесті.
- Жаралыларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер Қазақстанда шығарылды, Қызылорда, Алматы, Орал ет комбинаттарында витаминдар (гемотаген) шығарылды;
- Жаңақорғандағы №3980 госпиталі жаралыларды емдеп қана қоймай кейін сауықтырумен айналысты. Мысылы, 1942 жылдың 1 қаңтарынан-1 қыркүйекке дейін 796 хирургиялық ем алған жауынгерлерді балшықпен емдеп, 188 ғана госпиталде қалған. Олардың 30 пайызы қайтадан әскерге алынды.
- Соғыс жылдарында Қызылорда да госпиталге түскен 55,5 пайызы қайтадан әскерге алынған.
- Соғыс біткенен кейін Қызылорда облысындағы госпиталдер қайта көшіп, тек Жаңақорған санаторий статусын алып қалды;
- Соғыс кезінде мүгедек болып қалған солдаттарды ювилер, санақшы, шаштараз, мұғалім, монтер, киномонтер, музыкант т.б мамандықтарға қайта оқытып, мамандық алып беріп, жұмысқа орналастыру қатаң қолға алынды;
- 1942-45 жылдары Қазақстанда 83359 соғыс мүгедегінің 28483 мамандық алса, 4176 басшылық қызметке орналасқан.
Суреттер басқарманың мұрағатынан алынды.