Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Қылмыстық іс медиациямен аяқталды

Kyzylorda-news.kz. Арал аудандық сотында ұрлық жасаған азаматқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды.
Іс құжаттарына сәйкес, айыпталушы Б. автокөлік жөндеу жұмысымен айналысатын А.-ның үйіне көлік жөндеу жұмысына көмектесу үшін барып, түскі уақытта оның үйінде жоқ кезін пайдаланып, сарай ішінде тұрған «Уаз» автокөлігінің бөлшектерін жасырын ұрлаған. Осылайша, айыпталушы 130 000 теңге мүліктік шығын келтірген.
Алайда, сотқа кәсіпқой медиатор Б.Бердалиевпен куәландырылған медиативтік келісім ұсынылған. Медиативтік келісімге сәйкес, жәбірленуші мен сотталушы татуласқан. Шығын қалпына келтіріліп, жәбірленуші айыпталушыға ешқандай талап қоймады.
Осының негізінде сотталушы Б. қылмыстық кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ісі өндірістен тоқтатылды.
06 мамыр 2019 ж. 369 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области