Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Адалдық музейі» жұмысын бастады

Қызылордада «Адалдық музейі» жұмысын бастады

Kyzylorda-news.kz. Мамыр айынан бастап облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалына кіру кассирсіз жүргізілетін болды.
Яғни, Қызылордалық музей саласының қызметкерлері былтырғы жылдан бастап қолданысқа енгізілген «Адалдық дүкендерінің» жалғасы іспетті «Адалдық музейін» тәжірибеге енгізді.
«Адалдық музейінің» мақсаты халық арасында адалдық пен шыншылдық қасиетін қалыптастыру. Ендігі кезекте музейге кіріп, жәдігерлерді тамашалап, өлкенің тарихымен танысу үшін келушілер билеттің құнын төлеп, билетті өздері алады. Оларды бақылайтын бейнекамера да, кассир де жоқ. Билеттің бар-жоғын тіпті музей қызметкерлері де тексермейді. Бұл жерде адамның тәрбиесі мен ұяты өзіне төреші болады.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалының ғимараты 1905 жылы салынған архитектуралық тарихи мұра. 1917 жылы әскери казарма болған ғимарат қалпына келтіріліп, 2004 жылы музей болып ашылған. Музей Қызылорда қаласының тарихын қамтитын материалдар қойылған 4 залдан тұрады.
Музейдің 2000-ға жуық экспонаттарын күніне 120-дан астам қала тұрғындары мен қонақтары тамашалайды.


06 мамыр 2019 ж. 436 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области