Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Біз мұқтаждық пен масылдықты ажырата білуіміз керек - Бердібек Сапарбаев

Біз мұқтаждық пен масылдықты ажырата білуіміз керек - Бердібек Сапарбаев

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы әр отбасында болатын әлеуметтік картаны әзірлеу жұмыстары 1 шілдеге дейін аяқталады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмек-қолдаулар туралы айта келе Бердібек Сапарбаев бір мәселені ерекше атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, балаларына мектепке барғанда тегін тамақ беру, балабақшаға орналастыру, лагерьге тегін апару, киім немесе оқулық алып беру секілді жұмыстарды ата-аналар айтып жатады. Бұл жұмысты жергілікті билік өкілдерімен ары қарай жалғастыратын боламыз. Министрлік ай сайын бәрін қарап отырады. Жаңа Гүлшара Наушақызы (Үкімет басшысының орынбасары) Елбасының берген тапсырмасын айтты. Бұл жерде бір нәрсе бар: Біз мұқтаждық пен масылдықты ажырата білуіміз керек. Сондықтан, жергілікті билік өкілдерімен бірігіп, әр отбасының әлеуметтік картасын жасап жатырмыз. Осы 1 шілдеге дейін ол дайындалады. Содан кейін қосымша көмектер көрсетілетін болады», - дейді Бердібек Сапарбаев.
Айта кетсек, Үкіметтің баспасөз орталығында 160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, ол шамамен - 806 мыңдай халық. Берілген талаптарға сай келмегендіктен, 10 мың отбасыға АӘК тағайындалмаған.
Аталмыш жиында Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша өңірлерге жасаған жұмыс сапарлары қорытындыланып жатыр.
06 мамыр 2019 ж. 490 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области