Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Құрамында 20 ғалымы бар халықаралық экспедиция Аралға аттанды

Құрамында 20 ғалымы бар халықаралық экспедиция Аралға аттанды

Kyzylorda-news.kz. Құрамына 20 ғалым енген топ Аралға аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол талғамайтын 5 көлікке мінген оқымыстылар 2 апта ішінде 4 мыңнан астам шақырымды еңсеруі тиіс. Арал теңізіне баратын халықаралық экспедицияда америкалық және венгриялық мамандар бар. «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Назарбаев Университеті мұрындық болған ғылыми жоба биыл сәл өзгеше, дейді ұйымдастырушылар. Ғалымдар су түбіндегі топырақ пен тіршілік иелерінің сынамаларын алып, құрамын зерттеу арқылы көлдің қазіргі жағдайын анықтайды. Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумақтарын қамтитын туристік бағытты дамыту жоспары да пысықталады. Айта кетейік, экспедиция 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы күнге дейін, гидробиолог ғалымдар судың ластығы, қышқылдығы, тұз бен фосфор деңгейі туралы деректер жинап, фото мен бейнематериалдар қорын толықтырды.
«Qazaq Geography» қоғамымен Назарбаев Университеті бірлесіп жасап жатыр. Негізгі мақсаты – Арал теңізінің суын зерттеу. Оның қаншалықты биологиялық жағынан, химия жағынан өзгертулер болып жатқанын зерттеу. Екіншіден, туристік маршруттарды ойластыру», - «Qazaq Geography» РҚБ ғылыми-экспедициялық департаментінің директоры Нұржан Алдашов.

13 мамыр 2019 ж. 332 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области