Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда ғылыми-туристік орталық құрылады

Аралда ғылыми-туристік орталық құрылады

Kyzylorda-news.kz. Аралда ғылыми-туристік орталық құрылады, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы.
«Қызыл кітапқа» енген жануарларға арналған питомник салынады. Халықаралық Аралды құтқару қоры өңірде жаңа жобаларды жүзеге асыруда. Жалпы осы уақытқа дейін экологиялық аймақта Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы 18 жоба жүзеге асырылып, оған 300 мың АҚШ доллары жұмсалды.
Аралда теңізден басқа да қызығатын орындар өте көп. Соның бірі осы Қамбаш көлі. Көлдің суы мөлдір және оның емдік қасиеті бар. Сондықтанда қызылордалықтар оны «інжу-маржанымыз» деп бағалайды. Жыл сайын мұнда миллиондаған турист келеді.
Су айдынның жағалауы жылдан жылға жанданып келеді. Көлдің шипалы суына келгендер үшін жан-жақты жағдайы жасалған. Аралға, Байқоңырға келген қонақтар мұнда соқпай кетпейді. Дәл осы жерге енді ғылыми орталық салынады.
«Бұл енді арнайы жер болады. Адамдар тек демалуға ғана емес, сонымен бірге Арал өңіріне деген инвестиция әкелетін, донор тартатын және ғылыми еңбекпен айналысатын орталық болады», - «Барсакелмес» мемлекеттік қорығының директоры Зәуреш Әлімбетова.
Қамбаш көлінің жағасына 4 мыңнан астам ағаш егілді. Бұл көшеттер болашақта жасыл белдеуге айналады. Шөлейтті аумақта табиғатты сақтау өте қиын. Теңіз тартылған соң Арал аумағындағы Барсакелмес қорығының да құндылықтар азайып барады. Сондықтан қорды қайтадан зерттеу қажет дейді мамандар. Қазір мұнда өсімдіктің 298, аңның 56 түрі бар.
«Киік, антилопа жануралары емес, 1950 жылдары мұнда қобылан (гепард) та болған. Қазіргі таңда қобылан аңын осында әкелу қажет деген ойымыз бар. Бұл да бір үлкен жоба. Құландар мен киіктердің питомнигі болса, кейін көбейгенде далаға жіберіп отырамыз», - дейді халықаралық Аралды құтқару қоры дирекциясының директоры Болат Бекнияз.
Барсакелмес ашық аспан астындағы зертхана. Сондықтан теңізге, осы қорыққа келетіндер өте көп. Қамбаш көлінің жағасында бой көтеретін ғылыми орталық әлем ғалымдарының басын қосатын, экологиялық мәселелер талқыланатын тәжірибе алаңына айналады. Ал көлдің айналасында 450 гектар жерге эко-туризм қалашағы салынады.
26 сәуір 2019 ж. 613 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области