Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА 200-ДЕН АСТАМ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ АТСАЛЫСУДА

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА 200-ДЕН АСТАМ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ АТСАЛЫСУДА


    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру мақсатында өңірімізде «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі құрылып, ұйымдастырушылық құжаттар әзірленіп қабылданды.
    Бұл бағытта 79 жоба, 100 ірі көлемді шараны қамтитын 4 кіші бағдарлама («Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны») жүзеге асырылуда.
    Өңірде 213 үкіметтік емес ұйым, 39 жастар ұйымы, 11 этномәдени орталық, 2 ғылыми-білім беру ұйымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалысуда.
    Бағдарламаның қабылдануымен бюджеттік және бюджеттен тыс көздерден 81 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 52 жоба  немесе 64,1 пайызы аймақтың үкіметтік емес секторының әлеуетін тарта отырып жүзеге асырылуда, сонымен қатар 651 ауқымды шара ұйымдастырылды.
    Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін дамытуға және аймақтың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылған жобаны атап өтуге болады. «Қорқыт ата» мемориалды кешенінде «Этноауыл» жобасы жүзеге асырылып, онда 7 ұлттық киіз үйде қазақтың қолөнер бұйымдары және зергерлік бұйымдар ұсынылды. Этноауылға 37 мемлекеттен және басқа облыстардан 13 мыңнан астам турис пен қонақтар келді.
    Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясының секретариаты және этномәдени ұйымдарының қатысуымен «Ұлы дала елі тарихы» тарихи-тану экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелері Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне барды.

09 ақпан 2018 ж. 626 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области