БАСТЫ БАҒДАР АЯСЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Еліміздің басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін бағдарлама. Бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемовтің осы бағытта аймақта қолға алынған шараларға тоқталды.
Бүгінгі күні бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында өңірімізде «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисі құрылып, жұмыс жасауда. 4 кіші бағдарлама («Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны») аясында қолға алынған жобалар мен іс-шаралар мерзімінде сәтті жүзеге асырылды. Бағдарлама қабылданғаннан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысында 81 жоба жүзеге асырылса, бүгінгі күні қосымша тағы 79 жоба мен 100 ірі көлемді шараның өңірлік жол картасы әзірленіп, облыс әкімі бекітті.
– Бағдарлама аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған сырбойылықтарды ұлықтау, халық арасында кеңінен насихаттау шаралары кеңінен жүргізілуде. «Тұлғатану» тақырыбындағы кездесулер үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылуда. 2018 жылға өңірлік жол картасына сәйкес жоспарланған жобалар мен іс-шараларға облыстық бюджеттен 600 миллионнан астам қаржы бөлінсе, демеушілер есебінен 22 миллиардтан астам қаржы тарту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні орталық «Сыр Медиа» ЖШС жанынан ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Онда бағдарламаның әрбір кіші бағдарламасы бойынша бөлімдер ашылып, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, оқытушылар тартылды, – деді Руслан Рүстемұлы.