Шиелі ауданында 1155 отбасы жаңартылған АӘК алды
Kyzylorda-news.kz. Алдын ала жоспар бойынша атаулы әлеуметтік көмекке Шиелі ауданынан 876 отбасы жүгінеді деп жоспарланған.
Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің дерегінше қазіргі таңда 1155 отбасы жәрдемақының шарапатын сезінуде. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі күнге дейін барлығы 100 млн 462 мың теңге жәрдемақы берілген. Оның ішінде 1024 отбасыға яғни, 5543 тұрғынға шартты атаулы көмек тиесілі болса, 558 азамат шартсыз көмекке ие болды.
Жаңа заңның ерекшелігі – әлеуметтік көмек алушыларды жұмыспен қамтуға да жағдай жасауында болып отыр. Бұл орайда 169 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Яғни, 62 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, 102 азамат ақылы қоғамдық жұмыста, 4-еуі әлеуметтік жұмыс орнында және 1 азамат жастар тәжірибесімен еңбек етіп жатыр.