Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін, 16 мамыр күні атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты, республиканың кей жерлеріне жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, елдің солтүстігінде, солтүстік-батыста, және онтүстікте күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай ойнап, тұман түсуі, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл, ал батысында дауыл көтеріледі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде де шаңды дауыл көтеріліп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстараның кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

16 мамыр 2019 ж. 294 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области