Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қалалық білім бөліміне жаңа басшы келді

Қалалық білім бөліміне жаңа басшы келді

Kyzylorda-news.kz. 20 мамырдан бастап қалалық білім бөлімінің басшысы лауазымына Меруерт Әбдіқалықова тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Меруерт Наушақызы 1969 жылы 30 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласында орналасқан №23 мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде бастап, Қызылорда және Тараз қалаларында ұстаздық қызметтерді абыроймен атқарып келді.
2014 жылдан бері қаламызда білімнің қара шаңырағы болып саналатын №3 мектеп-лицейінің директоры қызметінде.
Білім саласына сіңірген еңбегі үшін көптеген алғыстармен, наградалармен марапатталған.
2008 жылы «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атанған.
Қазақ тілі мамандарына арналған «Тілдер нормасы» әдістемелік нұсқаулығының авторы.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген «2013 жылдың Үздік педагогы» атағының иегері.
20 мамыр 2019 ж. 531 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области