Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елімізде балаларға арналған тегін туристік пойыз шығару ұсынылды

Елімізде балаларға арналған тегін туристік пойыз шығару ұсынылды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 2020 жылдан бастап барлық өңірлерге тегін «Балалардың туристік пойызы» жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаны Үкіметке Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Балалар мен жасөспірімдер туризмінде ішкі көші-қон ағынының оң серпінін жасау үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда «1+2» схемасымен (бір ата-ана үшін екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда. Мұндай тәжірибе кең халықаралық тәжірибеге ие және әлемнің көптеген дамыған елдерде - Ұлыбританияда, Катарда, Тайитиде, Скандинавия елдерінде қолданылады», - дейді министр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 2020 жылдан бастап барлық өңірлерде тегін «Балалардың туристік пойызын» іске қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Басымдық әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға, білім байқауларының жеңімпаздарына, үздік оқушыларға және басқаларға беріледі. Одан бөлек, елдегі балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуды бұдан әрі жандандыру үшін Үкімет жанындағы тиісті Үйлестіруші кеңесті құру қажет. Осы орайда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны құруға көмек көрсету жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді Үкімет басшысына Арыстанбек Мұхамедиұлы.
21 мамыр 2019 ж. 322 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области