Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛДЫ ӨНДІРУ ТӘРТІБІ СӨЗ БОЛДЫ

ӘКІМШІЛІК АЙЫППҰЛДЫ ӨНДІРУ ТӘРТІБІ СӨЗ БОЛДЫ


      Жергілікті полиция қызметінің мәжіліс залында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен семинар-кеңес өтті. Шара құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру шараларын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2016 жылғы 14 тамыздағы №1024 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы №570 «Атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлерге тиесілі автокөлік құралдарын ұстау және борышкерге бұрын берілген жүргізуші куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру тәртібін анықтау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау туралы» бірлескен бұйрығын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
    Облыстық прокуратура, әділет департаменті, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы, өңірлік жеке сот орындаушылар, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының өкілдері қатысқан басқосуда әрбір анықталған құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалардың сапалы рәсімделуі, заңда көрсетілген мерзімдерде сот органдарына әкімшілік істерді жолдау жағдайы, сондай-ақ  аталған бағытта жұмыс жасау барысында туындайтын сұрақтар мен әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру процесіндегі шаралар жан-жақты талқыға салынды.
    Әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру барысында автокөліктердін мемлекеттік белгілерін тәркілеу, айып алаңдарына қою тәртібінің заңдылығы жайлы бірлескен бұйрықтың талаптары жеткізілді.
    Сонымен қатар салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өндірмеген борышкерлермен жұмысты жандандыру мәселесі сөз болып, өндіру сапасын жақсарту мақсатында жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейдтік іс-шараларды үнемі өткізу қажеттілігі пысықталды.





06 желтоқсан 2017 ж. 635 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области