Іздестіру жасағы ҰОС жылдарында қаза тапқан қазақстандық екі жауынгердің сүйегін тапты
Kyzylorda-news.kz. Іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан екі жауынгердің туыстарына іздеу жариялайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың тағдыры осы күнге дейін беймәлім болып келген. Ағымдағы жылдың көктемінде «Еске алу вахтасының» жорығы майдан даласына жүргізген қазба жұмыстары кезінде олардың сүйегін тапқан. Жауынгерлердің кім екені медальон мен өзге құжаттары арқылы анықталып отыр.
Беларусь елінде «Виккру» және Қарулы күштердің 52-мамандандырылған жеке іздестіру батальонымен 11 жауынгердің сүйегі табылды. Біреуінің кім екенін анықтау мүмкін болды. Ол – «Ворошилов атқышы», 1915 жылы туған қатардағы жауынгер Нұрмұхамед Магдеев екен.
Магдеев Нұрмұхамед, 1915 ж.т., Қазақ ССР, Қызыл-Орда облысы, Қазалы ауданының тумасы. Анасы – Магдеева Хадиша, Мекенжайы: Ворошилов көшесі, 32 үй. Ұлынан соңғы рет 1941 жылы 10 шілдеде хат алған.
Оның туған жері – Қызылорда облысының Қазалы ауданы. Қызыл әскер қатарына Арал аудандық әкімдігінен 1940 жылдың 7 ақпанында шақырылыпты. Іздестіру жасағы қазақ жауынгерінің сүйегін туған топырағына тапсыруға дайын.
Біздің редакциямызға атақты Ресей іздестірушісі Павел Матвеев хабарласқан еді. Ол Мәскеу облысының Можайск ауданының Сорокино шатқалынан 1904 жылы туған Қазақ ССР-нің сарбазы, Ковалев Кузьма Михайловичтің сүйегі табылғанын мәлімдеді.
Ковалев Кузьма Михайлович, 1904 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының тумасы. Киров АӘК шақырылған.
Іздестіру жасағының тел : +7 916 580 51 36, Мәскеу қаласы.
Ол 29-гвардиялық атқыштар дивизиясында шайқасқан. Әскер қатарына Шығыс Қазақстан облысы, Киров аудандық комиссариатынан шақырылған.
«1942 жылдың 12 шілдесінде хабар-ошарсыз кеткен. Жұбайы – Ковалева Валентина Семеновна Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы Ушанова немесе Ушакова көшесі, 50-үйде тұрған. Іздестіру жасағының мүшелері жауынгердің туыстары туралы қандай да бір ақпарат болып жатса хабарлауды сұрайды», - дейді іздестіруші Павел Матвеев.