Қызылордада есік алдында ойнап жүрген бала жоғалды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қазалы ауданында үй ауласында ойнап жүрген үш жасар бала жоғалып кетті.
Аулада ойнап жүрген баласын жоғалтып алған аудан тұрғынынан жергілікті полиция бөліміне хабарлама келіп түскен. Келіп түскен хабарлама бойынша бөлімнің жеке құрамы дереу құлақтандырылып, жоғалған баланың сыртқы сипаттамасы бойынша іздестіру жұмыстары басталған.
Екі сағатқа созылған жедел іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері баланы тапты.
«Баланы іздестіру жұмыстары екі сағатқа созылды. Полицейлердің қырағылығының нәтижесінде бала тез арада теміржол вокзалының жанынан табылды. Ол аман-есен анасына тапсырылды» дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жоғалған баласын тауып берген сақшыларға ата-ана алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бұл орайда полиция капитаны Ғалымжан Аманов пен полиция аға лейтенанты Ақмаржан Абдулхайырованың еңбегі зор.