Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан полицейлер жоғалған 7 баланы тауып, ата-аналарына қайтарды

Қызылордада жыл басынан полицейлер жоғалған 7 баланы тауып, ата-аналарына қайтарды

Қызылордада жыл басынан ювеналды полиция қызметкерлері жоғалған 7 баланы тауып, ата-аналарына қайтарды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларының біріккен, жүйелі жұмыстарының арқасында балалар аман-есен үйлеріне оралды.
2019 жылдың 19 ақпанында сағат 03.40 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан қызы 7-сынып оқушысының үйінен ашуланып шығып кетіп, қайта оралмағаны жайлы хабарлама түседі. Тексеру барысында анасы қызына ыдыс-аяқты жумағаны үшін ұрысқаны белгілі болды.
«Жасөсіпірімді іздеу жұмыстарына ювеналды полиция, патрульді полиция нарядтары жұмылдырылып, көпқабатты үйлердің өжірелері мен шатырлары, аулалары, құрылыс жүріп жатқан обьектілер, мекемелердің аулалары араланып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 05:20 шамасында Титов қыстағының тұрғынынан түскен хабарламадан соң қыз «Ескі» базар аумағынан табылды. Тәртіп сақшылары жоғалған жасөспірімді полицияға жеткізіп, ата-анасына аман-есен қолхатпен тапсырды», – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Полиция департаменті мамандарының айтуынша, соңғы уақыттарда кәмелетке толмағандардың ата-анасымен ренжісіп, үйден кетіп қалу дерегі жиі орын алуда.
«Мәселен, 14 ақпанда Тасбөгет кентінде кәмелетке толмаған колледждің 1- курс студенті сабаққа кетіп, үйіне қайта оралмаған. Тексеру барысында туысқан апасының туған күн кешінен кеш қайтқаны үшін анасының қызына ұрысқаны анықталды. Іздестіру жұмыстары барысында кәмелетке толмаған қыз сыныптасының үйінде жүрген жерінен табылды», – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 18 ақпанда колледждің тағы бір студенті сабаққа кеткеннен қайта оралмаған. Аталған хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша барлық жеке құрам құлақтандырылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Күштер мен құралдарды жан-жақты жұмылдырып іздестіру шараларының нәтижесінде арада 7 сағат өткеннен соң хабар-ошарсыз жоғалған қыз Сабалақ саяжайында табылды.
Облыс бойынша 2019 жылдың 1 ай 19 күнінде кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің осындай 7 дерегі тіркеліп, олардың барлығы ата-аналарына аман-есен тапсырылған.
Осыған орай, полиция қызметкерлері балаларға деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

20 ақпан 2019 ж. 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области