ҚЫЗЫЛОРДА ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 3 ЖАСӨСПІРІМДІ ТАПТЫ
Ағымдағы жылдың ақпан айының 7 күні Қызылорда облысы, Сырдария аудандық ішкі істер бөліміне 15 жастағы 3 жасөспірім 6 ақпан күні үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы жайлы хабарлама келіп түседі.
Аталған хабарлама бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп, жасөспірімдердің тұрпаттық бейнесі жасалып, мектепке домбыра үйірмесіне барамыз деп үйлерінен шығып кетіп, қайта оралмағандары анықталды.
Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдер 8 ақпан күні сағат 12:30 шамасында Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіне қарасты шаруақожалығында жылқыға мініп жүрген жерлерінен табылды.
Қазіргі таңда, жасөспірімдердің жағдайларыы «жақсы» деп бағалануда, дін аман ата-анасына тапсырылды.
Осыған орай, полиция қызметкерлері балаларға деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі