Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кім міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарна төлемейді?

Кім міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жарна төлемейді?

Kyzylorda-news.kz. 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толық күшіне енеді. Сол жылдан бастап, егер сіз азаматтардың – жеңілдік берілген 15 санатына жататын болсаңыз, жарнаны мемлекет төлейді. Бюджеттен төлем өткен екі жылындағы орташа айлық жалақының 1,4 пайызын құрайды.


Мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар санаттар:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен аналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
5) бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар;
6) мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар;
7) зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
8) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар;
9) тергеу изоляторларында отырғандар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іштей оқып жатқан тұлғалар;
14) балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған, жұмыссыздар;
15) мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар.

Қажетті медициналық көмек алу үшін емханаға тіркелу қажет, мәртебенізді анықтау үшін. Сондай-ақ, мәртебенізді egov.kz порталы немесе ХҚКО арқылы тексеруге болады. Егер Сіз өзіңізді жеңілдігі бар азаматтар тізімінен таппасаңыз, онда растайтын құжаттардың қажетті тізбесін Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру қажет. Әрі қарай бұл мәліметтер Сіздің жеңілдігі бар азаматтар тізіміне енгізілгеніңізді растау үшін мемлекеттік органдарға жөнелтіледі. Егер бәрі дұрыс болса жарнаны мемлекет төлейді.
27 мамыр 2019 ж. 446 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области