Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының 2022 жылға дейінгі кешенді даму жоспары бекітілді

Қызылорда облысының 2022 жылға дейінгі кешенді даму жоспары бекітілді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Үкімет отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстың 2022 жылға дейінгі Кешенді даму жоспарын таныстырды. Отырыстың қорытындысымен құжат бекітілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірді дамытудың кешенді жоспары 12 бағыт, 119 іс-шарадан тұрады. Олар - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлікті дамыту, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, экология және табиғатты пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, спорт, су тасқынына қарсы іс-шаралар, тұрғын үй құрылысы және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Аймақ басшысы ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және даму қарқынын арттыру мақсатында облыстың өзекті мәселелері қаралғанын атап өтті.
"Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы-Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2022 жылға дейін облысты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған еді. Жоспар құны - 219,7 млрд.теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен 156,7 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 50,6 млрд. теңге және басқа көздерден 12,4 млрд. теңге болатын 119 іс - шараны іске асыруды қамтиды", - деді аймақ басшысы.
ҚР Премьер - министрі Асқар Мамин "Кешенді жоспарды іске асыру өңірдің дамуына оң серпін беретінін" атап өтті.
Айта кетейік, өңірдің даму жоспары 2019 жылғы 21 мамырдағы республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданды.
28 мамыр 2019 ж. 504 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области