Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қыз алып қашқан жігіттер сотталды

Қызылордада қыз алып қашқан жігіттер сотталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында бойжеткенді еркінен тыс алып қашуға ниеттенген жігіттерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш оқиға 2018 жылдың шілде айында орын алған. Жігіттердің бірі екі ауылдасымен кездесіп, өзінің үйлену жөнінде ойы бар екенін айтады. Үшеуі өзара келісіп, Қызылорда қаласына келеді.
Үйленуге бекінген жігіт өзінің бұрын жүрген қызының үйінің маңын торуылдайды. Таңертеңгілік уақытта жұмысына жаяу бара жатқан бойжеткенге кезігіп оны көлікпен алып баратынын айтып, мінуін сұрайды. Оған қарсылық білдірген бойжеткенді екі қолынан қысып ұстап, көлікке отырғызады.
Бұдан кейін үшеуі бойжеткенмен бірге өздері тұратын ауданға қарай бет алады. Дегенмен жол бойында жылдамдығын асырған көлік жүргізушісін жергілікті полиция қызметкерлері тоқтатады. Сол сәтте жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Бойжеткенді еркінен тыс алып қашқан үш жігіт аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
«Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен іс қозғалды. Сол бойынша кінәлі деп танылған сотталушыларға 7 жылға шартты жаза тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.

29 мамыр 2019 ж. 360 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области