Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 30 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

30 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Kyzylorda-news.kz. 30 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жоғары қысым аумағының әсерінен күн ашық болады, тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік-батыс, орталық және солтүстік өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың кей аймақтарында найзағай жарқылдап, тұман түседі. Жел күшейіп, бұршақ жаууы, оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.
Павлодар облысында жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түсіп, дауыл тұруы мүмкін. Жамбыл, Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

30 мамыр 2019 ж. 357 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области