Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әсемдіктің 11 қулығы

Әсемдіктің 11 қулығы

Кейде өзімізге керекті құралдарды дәл уақытында таппай қалып жатамыз немесе күтпеген жерден таусылып қалып жатады. Осындай кезде олардың орнын алмастыра алатын заттар ас үйден, аптекалық қорапшадан немесе косметикалық сөмкеңізден табылып қалуы әбден мүмкін. Олардың әсері атақты қымбат маркалардың өнімдерінен кем түспейді. Сонымен, бұларды қандай жағдайда қолдануға болады? Бірге іздеп көрейік.
Үккіштен өткізілген картоп, аскөк және қайнатылған қара шай түйіршіктері көздің айналасындағы ісіктер мен көк шеңберлерді кетіретін бірден-бір ем. Ең бастысы, картоп – шикі, аскөк – майдалап туралған, ал шай – қара болуы тиіс. Қара шайдың құрамында көк шай мен жапырақ шайда жоқ пайдалы заттар бар.
Айран, лимон шырыны, қара нанның жұмсағы ежелден бері терідегі майда тесіктерді тарылтатын теңдесі жоқ құралдар болып табылады. Оларды біріктіретін бір ғана нәрсе бар, ол – қышқыл орта. Бұл ортада терінің қатпарлануы тежеліп, тегістеледі. Бірақ бұл өнімдерді қолда арнайы құралдар жоқта ғана пайдалану керек.
Беттегі қызару мен ұшықты кетіру қажет пе? «Визин» немесе басқа да қызарған көзге арналған көз тамшысын мақтаға аздап тамызып алып, тоңазытқышқа қойыңыз. Бес минуттан соң қызарған жеріңізге жағыңыз. Шамамен үш минуттан кейін бетіңіздің қызарғаны басылып, өңі ағара бастайды. Аспириннің бір таблеткасын суға езіп, дәл осылай жасасаңыз, оның да әсері жоғарыдағыдай болмақ. Сонымен қатар, ол еріндегі ұшықты кетіруге де көмектеседі.
Біздің шашымыз аққайнарды жақсы көреді! Егер үйіңізде қонақ шақырғаннан кейін қалған аздаған аққайнарыңыз (шампан) болса, шашыңызды жууға арнаңыз. Минералды сумен араластырып, шашыңызды бір рет шайыңыз. Аққайнар шашыңыздың өңін келтіріп, жібектей жұмсартып, жылтыратады.
Бір сәт газдалған минералды сумен жуыныңыз. Судың құрамындағы газ көпіршіктері жарылып, қан айналымды жақсартады. Газдалған суға аздап лимон шырынын тамызып жіберсеңіз, беттегі ұсақ тесіктерді тарылтады.
Тісіңізді тазалап жатқанда тіс щеткаңызбен ерніңізді де бір ысқылап шығыңыз. Тіс щеткасы еріндегі өлген жасушаларды кетіріп, ерніңізді жұмсартады. Ал онымен жасалған массаж бен тіс пастасының құрамындағы ментол қан айналымды жақсартады.
Құрғақ сусабынның орнын жүгері крахмалы, балаларға арналған сеппе немесе тальк алмастыра алады. Шашқа себу үшін тұз себуге арналған ыдысты пайдалануыңызға болады.
Жақсылап көпіршітілген жұмыртқаның ағы беттегі ұсақ тесіктерді тарылтатын ең керемет құрал болып табылады. Оны бетіңіздің майда тесіктер көп орналасқан аймағына немесе бүкіл бетіңізге жағыңыз. Жақсылап кепкеннен кейін салқын сумен жуып, ылғалдандырғыш крем жағыңыз.
Қызыл шарап хлордың зиянды әсерін жояды. Бассейнге барарда шашыңызға қызыл шарапты жағып алыңыз. Бұл тек арнайы жағдайларда жасауға арналған. Арнайы аквамайлардың әсері одан да күштірек.
Ыстықта, тұманда немесе жаңбыр жауғанда шашыңыз қобырап кетті ме? Алақаныңызға қолға арналған кремнің немесе денеге арналған лосьонның бір-екі тамшысын сығып алып, шашыңызға жағып, жатқызуыңызға болады.
Тальк терді жақсы сіңіріп алады, сондықтан оны терлеуге қарсы дезодоранттың орнына пайдалануға болады.

01 маусым 2019 ж. 492 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области