Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады

Өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде жол-көлік инфрақұрылымын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру қарастырылған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, Көліктік инфрақұрылым бөлігінде 45,2 млрд.теңгеге іс-шаралар атқару жоспарлануда. Бұл 2022 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдардың желісін 72% дейін жақсартуға мүмкіндік береді. Кешенді жоспар аясында 4 жыл ішінде 858 шақырым облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының қайта жаңғыртылуы, құрылысы, сонымен қатар күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.
Бүгінгі күні облыстың жеті аудан орталығының төртеуі және Байқоңыр қаласы газбен қамтылған.
2017 жылы қараша айында пилоттық жоба ретінде Байқоңыр қаласы әкімшілігіне қарасты 6 көпқабатты тұрғын үй мен қазақстандық 6 әлеуметтік нысанға газ берілді. Ағымдағы жылдың сәуір айында Байқоңыр кешенін газдандыру бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында келісімге қол жеткізіп, қазір көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары басталып кетті.
Кешенді жоспар бойынша облыс елдімекендерін газдандыруға 22,8 млрд.теңге қаралып, алдағы 4 жылда 9 елдімекендегі (3 аудан орталығы, 6 елдімекен) 80 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады. Осы жобалар жүзеге асырылған жағдайда облыс халқының газбен қамту үлесі 64 пайыздан 70 пайызға жетеді.
Осыған байланысты облыс әкімі "Қызылорда қаласының ЖЭО жаңғырту және кеңейту" жобасын іске асыруды ұсынды, оны жаңғыртуға 15,4 млрд.теңге қажет.
Сонымен қатар, Кешенді жоспарға құны 7 млрд теңгеден асатын 8 жоба енгізіліп отыр. Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде 11 шақырым жылу жүйелері жаңартылып, тозу көрсеткіші 42 пайыздан 36 пайызға дейін төмендейді.
Сумен жабдықтау саласы бойынша жалпы сомасы 28 млрд.теңгеге 14 су жобаларын жүзеге асыру ұсынылды. Бұл жұмыстар нәтижесінде ауылдық елдімекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 76,5 пайыздан 84 пайызға артып, сонымен қатар Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау мен су бұру жүйелері жақсаратын болады.
Осы жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 15 елдімекендегі 111 мыңнан астам халықтың ауыз сумен қамту жағдайы жақсаратын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 ақпанында Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында кеңес төрағасы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үкіметтің бастамасымен Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының Кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта кешенді жоспар әзірленді, құны 219,7 млрд.теңге болатын 119 іс-шарадан тұрады. Оның 156,7 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 50,6 млрд.теңгесі жергілікті бюджеттен, қалған 12,4 млрд. теңгесі басқа көздерден болмақ.
28 мамыр күні ҚР Үкіметінің отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің 2022 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды.
30 мамыр 2019 ж. 400 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области