Қызылордада үздік жазба авторы анықталды
Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рамазан менің көзіммен» үздік жазба (пост) байқауының жеңімпазы анықталды.
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-06/1559543768_3yzdikzhazba1.jpg)
Рамазан айының құрметіне орай, фейсбук және инстаграм әлеуметтік желісін қолданушылар арасында өткізілген шығармашылық жарысқа 30-дан астам тұрғын қатысты. Сайыстың мақсаты - шығармашылыққа баулу, оразаның берекеті мен пайдасын насихаттау.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі Болатбек Әбуов Қадір түнінде облыстың бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне келген барша жамағаттың алдында өзгеге ой саларлық ғибратты, әсерлі оқиғалары арқылы ерекше жазбасын ұсынған үздік авторлар жүлделі орындармен марапатталды.
Сайыс нәтижесінде І-орынды Шапағат Сердәліқызы иемденді, ІІ-орынды Сағира Уәли, ІІІ-орынды Абай Тағыберген алды.
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-06/1559543712_3yzdikzhazba2.jpg)
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-06/1559543724_3yzdikzhazba3.jpg)