Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 4 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

4 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы - екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі. 1992 жылы республикамызда әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
Бақытты тағдыры өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысынан басталған халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.

1943 жылы Қазақ КСР-нің алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жазуға байқау жарияланды. Әнұран сөзі бойынша өткізілген байқауда 27 жастағы Қайым Мұхамедхановтың мәтіні таңдалып алынса, сол кезде 30 жаста болған композитор Мұқан Төлебаев жас ақынның сөзіне тамаша ән жазды.
1944 жылы қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Әлия (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925-1944) - Кеңес Одағының батыры, снайпер, ефрейтор. Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып, кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленген. Оқуда озат болғаны және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері -Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-әскер, 2-Балтық жағалауы майданы). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монаково ауылында жерленген. Әлия есімімен көшелер, ондаған мектеп (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалдық музей жұмыс жасайды.
1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалауы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдар күшіне енді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер одағы құрылды. 1998 жылы жұмысына 24 елдің 160 компаниясының өкілдері мен басшылары қатысқан II Қазақстандық инвестициялық саммит өтті.
04 маусым 2019 ж. 499 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области