Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қазақстандықтар Мемлекет басшысының виртуалды қабылдауына өтініш қалдыра алады

Қазақстандықтар Мемлекет басшысының виртуалды қабылдауына өтініш қалдыра алады

Kyzylorda-news.kz. Ақорда сайтында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті оқырмандарым! Менің парақшама мыңдаған оқырман пікірлерін жазып, сауалдарын жолдап жатады. Олардың ішінде жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін күрделі мәселелер де бар. Әркім өз сұрағына жауап алып, пікірінің ескерілгенін қалайды. Алайда, барлық өтініштерге осы парақша арқылы жауап беру мүмкін емес екенін өздеріңіз де жақсы түсінесіздер.
Қоғаммен пікір алмасуды жолға қою, әрбір азаматтың сұрауын қанағаттандыру, мұқтаж жандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында www.akorda.kz сайтында менің Виртуалды қабылдауым ашылды. Қазірдің өзінде Виртуалды қабылдауға көптеген хаттар келіп түсуде. Республика азаматтарының жеке немесе қоғамдық сипаттағы түрлі мәселелері бойынша өтініштері қаралады. Әр хат ресми тіркеледі, оны өзім де қараймын және Әкімшілік қызметкерлері де қарастырады. Бұл - еліміздің әрбір азаматы ресми түрде сұрау салуға мүмкіндік беретін, заңды күші бар виртуалды қабылдау», деп жазды Мемлекет басшысы Instagram-дағы парақшасында.

17 шілде 2019 ж. 447 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области