Қазақстан Президенті он мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады
Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін қоса атқаратын бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсім дәстүр бойынша «Ақорда» резиденциясында өтті.
Елшілер Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Густаво Адольфо Лопес Кальдерон (Гватемала Республикасы), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Майк Санго (Зимбабве Республикасы), Андрей Негуца (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Рамиз Башич (Черногория), Симон Марко Мумви (Біріккен Танзания Республикасы), Манаса Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды.
Қазақстан Президенті дипломатиялық корпус өкілдеріне арнаған сөзінде, саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін мәлімдеді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге қайырымды істеріне табыс тілеп, мемлекеттерінің басшыларына сәлемін жолдады.