Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ЕЛБАСЫ АНГЕЛА МЕРКЕЛЬДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЕЛБАСЫ АНГЕЛА МЕРКЕЛЬДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ


    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды akorda.kz.
     Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельді Христиан демократиялық одағының Германия Бундестагына сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады.
    Мемлекет басшысы сайлау қорытындылары Федералдық канцлердің әлеуметтік-экономикалық саясатына неміс халқының қолдау көрсетіп отырғанының жарқын мысалы екенін атап өтті.     Қазақстан Президенті Ангела Меркельдің халықаралық беделіне тоқталып, оның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
    "25 жыл ішінде Қазақстан мен Германия арасындағы достық қарым-қатынастар жоғары деңгейге көтерілді. Елдерімізді жақындастыруға септігін тигізген бірлескен жобаларды табысты іске асыруға Сіздің зор үлес қосқаныңызды атап өткім келеді", - делінген жеделхатта.
    Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге зор денсаулық пен табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.

15 наурыз 2018 ж. 671 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области