Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ЕЛБАСЫ ҰҚШҰ ЕЛДЕРІНІҢ ҚК ХАТШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕЛБАСЫ ҰҚШҰ ЕЛДЕРІНІҢ ҚК ХАТШЫЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


Мемлекет басшысы Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына төрағалық ету кезеңінде өтіп жатқан Қорғаныс министрлерінің кеңесі мен Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары комитетінің сессияаралық отырыстарына қатысушыларға ілтипат білдірді.
   – Сіздер өкілдік етіп отырған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Жарғылық органдары кең ауқымды мәселелерді қарастырады. Атап айтқанда, әскери саладағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту, халықаралық терроризмге, заңсыз есірткі айналымына және заңсыз миграцияға қарсы күрес жүргізу, сондай-ақ үйлесімді ақпараттық саясатқа қатысты ұстанымдарды әзірлеу мәселелерін қарастыру көзделіп отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
   Мемлекет басшысы әлемде және өңірде күрделі әскери-саяси ахуалдың сақталып отырғанын айтты, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың белсенді әрекет етіп, ақпараттық кеңістікке төнетін қауіп-қатердің артып келе жатқанына тоқталды.
   Қазақстан Президенті бірлескен оқу-жаттығулар мен операцияларды жүргізу барысында мемлекетаралық байланыстарды үйлестіру, ұжымдық тетіктерді жетілдіру, сондай-ақ өзара іс-қимылды пысықтау үшін қорғаныс ведомстволары мен қауіпсіздік кеңестері аппараттарының рөлі зор екенін атап өтті.
   – Бірлескен қызмет келісілген бағытта және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясында нақтыланған жарғылық міндеттерге сәйкес жүргізілуге тиіс. Біздің Жедел әрекет етуші ұжымдық күштеріміз әрдайым өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
   Қазақстан Президенті Алматы облысында өткен «Кобальт-2018» оқу-жаттығу шараларының нәтижелеріне тоқталды.
   Қазақстан Президенті Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерді материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етудің нақты бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу қажеттігіне назар аударды.
   Нұрсұлтан Назарбаев әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы практикалық шараларға ерекше көңіл бөлуге шақырды. Ол үшін «KADEX-2018» көрмесінің мүмкіндіктерін пайдалану қажеттігін айтты.
   – Қазір Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының біріккен штабының саны едәуір өсті. Сондықтан оның жұмысы сапалық тұрғыдан жақсарады деп үміттенуге құқымыз бар. Қазақстан халықаралық терроризмді жалпы әлемдегі және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жауапкершілігі аясындағы ең өткір проблема деп санайды, – деді Мемлекет басшысы.
   Қазақстан Президенті халықаралық терроризмге қарсы тұру ісінде ұжымдық күш-жігердің тиімді болатынын атап өтті.
   Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының халықаралық қоғамдастықпен байланысын кеңейту, шынайы қатерлерге қарсы тиімді шаралар ұйымдастыру, ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
   Соңында Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ортақ міндеттерін шешуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.
24 мамыр 2018 ж. 798 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области