Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРЛЕСІП «ЦИФРЛАНДЫРУҒА» ШАҚЫРЫЛДЫ

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРЛЕСІП «ЦИФРЛАНДЫРУҒА» ШАҚЫРЫЛДЫ

Қазақстан қытайлық компанияларды «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды. Бұл туралы бүгін «Бір белдеу - бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған Қазақстан-Қытай бизнес форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде біз азық-түлік өнімдерін өндіруге айрықша назар аударып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілерге мемлекеттік қолдау қарастырып жатырмыз. Осыған орай қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші компаниялар мен қытайлық компаниялардың азық-түлік өнімдерін өндіруде ынтымақтастықты арттыруда зор әлеуетке ие», - деді Жеңіс Қасымбек.
Министр 2017 жылы экономика өсімінің жаңа моделін құру аясында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама қабылданғанын, төртінші өнеркәсіптік революцияның - 3D-принтер, онлайн-сауда, ұтқыр банкинг, цифрлық сервис, автоматтандыру, жасанды интеллект және «үлкен мәліметтер» алмасу сынды элементтерін енгізуді мақсат ететіндігімізді атап өтті.
«Қазірдің өзінде елімізде Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркі сияқты инновациялық кластерлер жұмыс істеп жатыр. Жаңа Халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі ашылмақ. Сондықтан біз қытайлық әріптестерімізді «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамыз», - деді Жеңіс Қасымбек.



08 қыркүйек 2018 ж. 608 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области