Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ШАРА

КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ШАРА


    Қазалы аудандық орталық кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  көрнекті әдебиет сыншысы, аудармашы, драматург Қалжан Нұрмахановтың 90 жылдығына арналған  «Көркем сөздің хас шебері» атты танымдық- тағылымдық  конференция өтті.  Шара барасында ұйымдастырылған тақырыпқа сай виртуалды және дәстүрлі кітап көрмесінің оқырмандардың ерекше қызығушылығын туындатқанын атап кеткен жөн.  Сондай-ақ сыншы, аудармашы, драматург Қ.Нұрмахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған  арнайы бейне көрсетілім  оқырман назарына ұсынылды.
    Қалжан Нұрмахановтың өмірі мен өнердегі ғұмырын - әдеттегі ғұмырдан өзгеше қалыптастырған, шынайы талант иесінің асқақ мұрасын ортақ игілігімізге айналдыру, шығармаларының қалыптасу деңгейінің жоғарылығын тәрбиеленген ортасына,  алған тәліміне байланысты екендігін таныту, әдебиет сүйер  оқырманға қаламгер шығармашылығының идеялық мазмұнын қалыптастыруды көздеген тағылымды кешке жиналғандар қатары көп болды.
    Осынау мағыналы жиында  аудан әкімінің аппарат басшысы Асанжан Ешнияз, аудан әкімінің кеңесшісі Берік Бисембаев,  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Лайық, №95 Қ.Нұрмаханов атындағы орта мектептің  тәрбие ісінің меңгерушісі Көпенов Жаңабек өзге де ел ағалары қатысып, өзара пікір алмасты.
    Оқырмандар сауалдарына жан-жақты жауап беріп, қатысушыларға мол мәліметтер ұсынды.

13 желтоқсан 2017 ж. 799 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области