Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық өнерпаздар Өзбекстанға кетті

Қызылордалық өнерпаздар Өзбекстанға кетті

Kyzylorda-news.kz. Кеше Сыр елінің өнер шеберлері мен сала мамандары Өзбекстанға жол тартты.

Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени ынтымақтастықты дамыту, Сыр сүлейлерінің шығармашылығын насихаттау мақсатында Өзбекстан Республикасында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді.
Өнер күндері аясында Ташкент Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектаклі мен жергілікті суретшілердің көрмесін, Науаи қаласында Қызылорда облысы өнер шеберлерінің концертін, сонымен қатар, Тамды, Үшқұдық, Кенимех аудандарында облыстық филармонияның дәстүрлі орындаушыларының экспедициялық концертін өткізу жоспарлануда.
Осылайша, 13-19 тамыз күндері Сыр өнері көрші мемлекет халқына ұсынылып, мәдениетіміздің мәртебесі танылмақ.
13 тамыз 2019 ж. 741 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области