Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ШОТЛАНДИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФРИНДЖ» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУДА

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ ШОТЛАНДИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ФРИНДЖ» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУДА

Шотландияның Эдинбург қаласында 3 тамыз күні өнер фестивалі басталды. Фестиваль 27 тамызға дейін жалғаспақ. Осы кезеңде көрермен назарына 3700 түрлі жанрдағы қойылым ұсынылатын болады.
Бұдан бұрын біз Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры 2018 жылдың тамыз айында Эдинбург қаласында өтетін «Фриндж» халықаралық өнер фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысады деп жазған болатынбыз.
Театр ұжымы туристер арасында танымал «Король милясы» (Royal mile) көшесінде қысқаша қойылымдарды сахналады. Айта кетейік, «Fringe» фестивалі іс-шараларының негізгі бөлігі осы жерде өткізілетін болады.
Театрдың негізгі қойылымдары 6-8 тамыз күндері Stockbridge Church алаңында көрсетіледі.
«Фриндж» («Fringe») фестивалі 1947 жылдан бастап жыл сайын ұйымдастырылады және әлем бойынша театр өнеріндегі ең ірі шара болып табылады. Биыл фестивальге әлемнің 50 елінен келген 50 000 жуық артист қатысуда.                                                                













06 тамыз 2018 ж. 798 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области