Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШЫРШАСЫ ӨТТІ


    Әдеттегідей бұл мерекеге бүкіл облыстан оқу озаттары, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары және «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері шақырылды.
    Биыл балалар үшін қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар облыстық тарихи-өлкетану музейін, Ә.Тәжібаев атындағы кітапхананы, орталық алаңды аралап,  Қызылорданың өзге де көрікті жерлерімен танысты.
    Мерекелік іс-шара Елбасы Н.Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауымен басталды.
    Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
    Бүгін еліміздің барлық өңірінде Елбасы атынан балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде балалар жаңажылдық шыршаның жанында жиналып, армандарының орындалуын үлкен үмітпен күтуде. Сіздер таңғажайып кезеңде өмір сүресіздер. Ғасырлар бойы орындалмас арман деп саналатын көптеген ғажаптар бүгінде шындыққа айналды. Сіздер жақсы оқып, халықаралық олимпиада, шығармашылық және спорттық байқауларда жеңімпаз атанып жүргендерің мені қуантады. Болашақта әрқайсысың еліміздің мақтанышы болатындарыңа сенемін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
    Өз кезегінде, оқушылар аймақ басшысына жан-жақты қолдау мен қамқорлық көрсеткені үшін алғыстарын айтты.
    Іс-шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, тәттілер мен сыйлықтар таратылды.



22 желтоқсан 2017 ж. 616 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области