Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА АРНАЛДЫ

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА АРНАЛДЫ


    Достық үйінің фойесінде неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен 50-ге жуық мүмкіндігі шектеулі балаға арналған жаңажылдық кеш өтті. Кешке «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина, өзге де этнос өкілдері және ата-аналар қатысты.
     Жаңа жыл мерекесіндегі шырша кешінде балғындар үшін қызықты мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті.
    «Wiedergeburt» неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек сөз сөйлеп, барша балғындарға жаңа жылдық жақсы тілек арнады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына қайраттылығы үшін алғысын жаудырды.
    Кеш соңында барлық қатысушы балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, неміс этносының әзірлеген дастарханы жайылды.
    Өз кезегінде ата-аналар ұйымдастырушыларға рахмет айтып, ризашылығын білдірді.
 





22 желтоқсан 2017 ж. 692 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области