Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


    Қызылорда облысы əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ мен Сырдария аудандық "Достығымыз жарасқан" қоғамдық бірлестігі Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай «Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы» атты мерекелік  бағдарлама ұйымдастырды.
    Тәуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламаны «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұлмекен Жаналиева, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сырдария ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі эксперті Арайлым Қасымова ашып, жыл басынан бері облыстық, аудандық мəдени іс шараларға белсенді қатысып жүрген аудандық ассамблея мүшелерін марапаттады.
    Концерттік бағдарламада кент мәдениет үйінің өнерпаздары мен аудандық Достық үйіне қарасты əртүрлі этнос өкілдерінен құралған өнерпаздар өнер көрсетті.
    Кеш қонақтары Константин Луца және Никита Мяцов әннен шашу шашып, көрермен ықыласына бөленді.

14 желтоқсан 2017 ж. 688 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области