Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КІТАПХАНАДА КӨРМЕ ӨТІП, ЖЫР КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КІТАПХАНАДА КӨРМЕ ӨТІП, ЖЫР КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы шаралар Сырдария ауданында да жалғасын табуда. Бағдарламалық мақаладағы міндеттерге орай ұйымдастырылған шараның бірі  аудандық кітапхананың №1 филиалында өткен «Модельді кітапхананың» тұсаукесері болды.
     Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Үсенұлы, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сауытбаев, халықаралық қазақ тілі қоғамының аудандық филиалы төрағасы Ж.Қонысбаев, кітапхана директоры Г.Нұржакиева, кітапханашылар қатысты.
    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х. Әбенұлы кітапхана ұжымының жұмысына табыс тіледі. Бұдан кейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Үсенұлы сөз сөйлеп, кітапханашы Л.Серікбаеваға модельді кітапхананың сертификатын тапсырды. Қонақтар салтанатты түрде моделді кітапхананың лентасын қиып, белгілі өнерпаз Д.Палмақов әннен шашу шашты.
    Кітапхана жұмысымен танысқан қонақтар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласына арналған көрмені тамашалап, ақын Қ.Асановтың құрметіне арналған шығармашылық кешке куә болды.
    Мұнда мектеп оқушылары жергілікті ақынның өлең жолдарын жатқа оқыды. Кітапханашы Л.Серікбаева ақынның өмір жолына тоқталды.

12 желтоқсан 2017 ж. 1 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области