РУХАНИ АЗАТТЫҚТЫҢ АЛҒЫШАРТЫ
Бүгін Арал аудандық орталық кітапханада «Латын әліпбиіне көшу – рухани тәуелсіздік жолы» тақырыбында кездесу өтті. Шараға аудандық орталық кітапхана, филиалдар меңгерушілері, кітапханашылар қатысты.
Кездесуде кітапхана директоры Ж.Әлішева Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қарашадағы №569 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілгенін айтып өтті.
– Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған латын алфавитіне көшу біздің қоғам үшін үлкен жаңалық болғаны рас. Сондықтан да күллі ел әліпби нұсқаларын талқылауға қатысты. Талқыдан өткен нұсқаны Елбасы жарлықпен бекітті. Латын әліпбиі қазақты әлемге танытудың тың бастамасы деп білемін, – деді ол.
Сонымен қатар, кітапханашылар М.Ақмырзева, Р,Садуақасова.М.Әйімбетова латын әліпбиін пайдалану – қазіргі уақыт талабы екендігін атап өтті. Бұл әлеммен байланысқа, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деген пікірлерін білдірді.