Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖАҢАРУҒА ЖОЛ АШАДЫ

ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖАҢАРУҒА ЖОЛ АШАДЫ


    Сырдария ауданындағы Шаған ауылында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласындағы міндеттер аясында «Латын әліпбиі-мемлекеттік тіл тірегі» атты жиналыс өткізілді. «Шаған-Жер» ЖШС мүшелері қатысқан жиналыста серіктестік директоры Б.Қадіров Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген латын әлібиінің нақты әрі түсінікті нұсқасын таныстырып өтті.
    Ол ең әуелі латын ғылым мен техниканың тілі екендігін атап өтті. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға бір табан жақындатып, өркениетті елдермен байланысымызды жақсартып, экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алуға, ана тіліміздің өзіне тән әуезін сақтап қалуға оң әсерін тигізеді. Латын әрпі түбі бір туыс түркі халықтарымен рухани-мәдени жақындасуының бірден-бір жолы.
       Жиын қорытындысында ұжым мүшелері жаңа әліпбидің жаңаруға жол ашатынын айтып, оған көшуге байланысты жүзеге асатын жұмыстарға қолдау танытатындықтарын айтты.

30 қазан 2017 ж. 774 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области