КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ БАСЫМДЫҚҚА ИЕ
Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қарашадағы №569 Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің бекітілуіне байланысты жиын өткізді.
Жиында кітапхана директоры К.Қаниева сөз алып латын әліпбиіне көшу мәселесінің Тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келе жатқанын жеткізді. Елбасы 2006 жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында да осы мәселеге қайта оралу керектігімізді айтып, сәулелі болашаққа жол салған еді.
Латын қарпі – руханиятты жаңғыртудағы басты қадам. Осы арқылы біз түбі бір түркі жұртына жақындай түсеміз. Оның үстіне әлем халықтарының 80 пайыздан астамы қолданатын қаріп коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие.
Кітапхана ұжымы жаңа бастаманың осы жағын баса айтып, оны қолдайтындықтарын білдірді.