Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ


      Бүгін Сырдария ауданындағы «Мағжан и К» ЖШС ұжымында латын әрпіне көшуге байланысты жиын болып өтті.  
       Серіктестік директорының орынбасары М.Нұрханов бұл бастама елдің рухани жаңғыру бағытындағы ең басты саяси маңызды қадам екендігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген  жаңа әліпби арқылы болашақ ұрпақ жаһандық ақпарат кеңістігінде ғылыми технологияны жан-жақты игере алады.
      Елбасы қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізілетіндігін атап көрсетті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы осы жүйелі де жоспарлы жұмыс барысында бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, сондай-ақ қажетті өзге де шаралар қабылдау керектігін қадап айтты.
       Жаңа әліпби жайлы ойын білдірген ұжым мүшелері бұл рухани жаңғырудың негізгі қадамы екендігіне айрықша тоқталып, бастаманы    қолдайтындықтарын жеткізді.

31 қазан 2017 ж. 734 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области