БАТА – БІРЛІК БАСТАУЫ
Ауылда өтетін салтымыз түрлі жиындарда халықты жікшілдік пен топшылыққа ұрындырмай, елге ұйытқы бола жүрген ақсақалдарымыздың орны ерекше.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Шиелі ауданында "Шиелі-Самғау" жастар қоғамдық бірлестігі мен Н.Бекежанов ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен "Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын" атты сайыс өтті.
Сайысты "Шиелі-Самғау"жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Аружан Дүйсебаева ашып, қариялар дастарханға, жас отау иелері мен жолаушыға бата беріп, бағзы заманнан келе жатқан игі дәстүрдің жалғасты екендігін танытты.
Қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беретін бата сайыс соңында ардагерлерге Алғыс хат пен қаржылай сыйлық табысталды.