Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшылық жас жыршылар Әзірбайжаннан жүлделі оралды

Қармақшылық жас жыршылар Әзірбайжаннан жүлделі оралды

Kyzylorda-news.kz. Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен дəстүрлі орындаушылардың халықаралық фестивалінде қызылордалық жас жыршылар жүлделі болды.
Ағымдағы жылдың 7-9 қазан күндері өткізілген халықаралық фестивальге дүниежүзінің 9 елінен 15 өнерпаз қатысты. Қызылордалық Шұғыла Мархаба мен Арай Оңғарқызы Қазақстанның намысын қорғады. Қос өнерпаз Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде тәлім алған.
Халықаралық фестивальде Шұғыла Мархаба үшінші орын алса, Арай Оңғарқызы арнайы дипломмен марапатталды. Жас өнерпаздарды аталмыш шараға Зәуре Кәрібаева мен Дінислам Тоқсанбаев дайындап алып барды.
Қармақшы ауданында Жыраулар үйі жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу бағытында игілікті істерді жүзеге асырып отыр. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аталмыш өнер ордасында өнегелі істер лайықты жалғасын тауып келеді.
11 қазан 2019 ж. 406 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области