Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыраулық мектеп шәкіттерінің концерті өтті

Қызылордада жыраулық мектеп шәкіттерінің концерті өтті

Қызылордада көрермендер Сыр бойындағы жыраулық мектеп шәкірттерінің өнерлерін тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Керуен жырдың жалғасы» атты концерт қойылды. Айта кетерлігі, бұл шара биыл алғаш рет өткізіліп отыр.
Сыр бойы жыраулық өнерінің өзіндік өрнегі бар. Олардың өзінде бір-біріне ұқсай бермейтін өзгешелік кездеседі. Қазіргі таңда облыс аудандарында сондай жыраулық мектептері өрендерді өнерге баулып келеді. Атап айтқанда, Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков атындағы жыраулар үйі мен Тұрымбет Салқымбайұлы атындағы әуез мектебінің, Қазалы ауданындағы Байназар Өтепов атындағы жыр үйірмелерінің, Арал аудандық мәдениет орталығының және Шиелі ауданындағы Нартай жыр мектебінің және Қызылорда қаласындағы жыр үйірмелерінің шәкірттері аталмыш шара барысында өз тартуын жасады.
Жас жыраулар өнерін бағалауға осы салада ұзақ жылдан бері жемісті қызмет етіп келе жатқан Жұмабек Аққұлов, Арнұр Көшеней, Берік Саймағанбетов, Шолпан Биімбетова, Ақмарал Ноғайбаева сынды мамандар қатысты.
«Аталмыш жыр кеші арқылы жас ұрпақ бойында ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыруға мән бердік. Бүгінгі шара барысында өрендердің өрелі өнерге деген ұмтылысы бізді қуантты», - деді Көшеней Рүстембековтің баласы, жырау Арнұр Көшеней.
Былтыр аудандардағы өнер мектептерінде қобыз үйірмелері ашылды. Енді оған әуес өрендердің қатары көбей түспек.



20 қараша 2018 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области