ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ «ЖАЛАҒАШ – ЖЫРДЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Мәдениет үйінің фойесінде ауданның мәдениеті мен тарихына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ХІХ-ХХ ғасырлардағы қару-жарақ, тұрмыстық заттар, Бұхарбай және Келмембет батырлардың жеке заттарының жиынтығы, сонымен қатар, жергілікті суретшілер мен қолөнершілердің туындылары қойылды.
Концерттік бағдарламада Жалағаш ауданының өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

