ӘН-ЖЫРЫМ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!
Қармақшы ауданы орталығы Жосалы кентінің орталық алаңында Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун ауылдық округтерінің мәдениеті мен өнері күніне орай «Ән-жырым саған, туған ел!» атты меркелік концерті өтті.
Мерекелік шара Қызылорда қаласының 200 жылдығына және Қармақшы ауданының 90 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Концертте аталған ауылдық округтердің көркем өнерпаздары Қармақшы ауданының тарихы жайлы сахналық көріністер қойып, ән-жырдан шашу шашып, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.