Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жас ақындар мүшәйрасы басталды

Қызылордада жас ақындар мүшәйрасы басталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратында жастар жылына орай «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының ашылу салтанаты өтті.
Мүшәйраны ұйымдастыруға ұйытқы болған Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
Байқаудың мақсаты – жастардың бойына адалдық, сенім, парасаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті кеңінен насихаттау.
Жарысқа 14 пен 29 жас аралығындағы барлық шығармашыл, жазба ақындар қатыса алады.
Сонымен қатар, тартысты доданың талаптарына сәйкес, мәселені жете қабылдап түсінуі және тақырыпты толық ашуы керек. Талапкер ұсынған шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп оқи білуі қажет. Сондай-ақ, өлеңдердің көлемі 15 шумақтан аспауы да талап етілген.
Өлеңдер 25 қазанға дейін қабылданып, ашық түрде әділқазылар алқасының сараптамасынан өтеді. Жеңімпаз деп танылған ақындар 30 қазан күні Жастар орталығында өткізілетін әдеби кешке арнайы шақырылады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылары алқасының қорытындысы бойынша диплом, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

17 қазан 2019 ж. 584 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области