Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жемқорлыққа қарсы Жастар қозғалысы құрылды

Қызылордада жемқорлыққа қарсы Жастар қозғалысы құрылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы Жастар қозғалысы құрылды.

Бұл туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша І-ші облыстық жастар слеті» барысында айтылды.
Аймақта алғаш рет ұйымдастырылып отырған слеттің өтуіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйытқы болды.
«Слеттің басты мақсаты – қоғамда адалдық, шыншылдық, игілік сынды құндылықтарды қалыптастыруға, қоғамдық сананы тәрбиелеуге жастарды кеңінен тарту. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары адамзаттың осындай ізгі құндылықтарын дәріптеуге, насихаттауға бағытталуы тиіс. Біз, бұл бағыттағы жұмыстарға жастардың әлеуетін пайдалануымыз керек», - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.
Облыстың барлық аудандары мен шалғай ауылдарынан да делегаттар қатысқан слеттің салтанатты жиынында Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жанынан«Жемқорлықты жоямыз» ұранымен «Жастар қозғалысы» жастар қанаты құрылды.
«Жастар қозғалысы» жастар қанатының мақсаты - тұрмыстық жемқорлықты жоюға атсалысу, кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзбеушілік қағидатын қалыптастыру. Алғашқы кезекте, белсенді жастар қатарынан спикерлер тобын құрып, ЖОО мен колледж студенттері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз және жемқорлықты бірлесіп жеңу үшін замандастарымызды қатарымызға тартамыз», - дейді «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес.
Слет қорытындысымен сырбойылық жастар «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобасына қолдау білдіре отырып ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа ашықхат жолдады.
Алдағы уақытта қызылордалық жастар елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына барып, Агенттік төрағасымен кездесіп, аймақ жастарының ұсыныс-пікірлерін жеткізуді жоспарлап отыр.
Слет аясында мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар көрмесі өткізіліп, кәсіби бағдарлану бойынша мамандар кеңестер берді. Сондай-ақ, жастар мен жастар қоғамдық бірлестіктеріне мемлекеттік сатып алу бойынша тегін семинар ұйымдастырылды.

29 мамыр 2019 ж. 473 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области