Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кеңес жемқорлыққа жол бермеу жайын талқылады

Кеңес жемқорлыққа жол бермеу жайын талқылады


«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда «Қызылорда облысындағы білім, денсаулық және құқық қорғау салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы туралы» тақырыбы талқыланды.
Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының арттыру» атты Жолдауы мен партияның Саяси доктринасында жемқорлықпен күрестің баршаның және әркімнің мақсаты болып табылатыны белгіленген. «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікке, оның себеп-салдарын жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталып отыр.

Осы орайда, «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арасындағы 2018 жылғы 21 маусымдағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде біршама шараларды бірлесіп атқару көзделген. Кеңес жұмысына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық Кеңестің, Партиялық бақылау комиссиясының, арнайы мониторинг топтың мүшелері, мемлекеттік ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты алда орындалатын жұмыстар бойынша мекеме, басқарма басшыларына біршама ұсыныстар берілді.                                                                                         
28 қараша 2018 ж. 630 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области